Оңтүстiк Жарық
Транзит
сенім телефоны
8 (7252) 505-711

ЭКЕАЖ

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңына сәйкес, Электр қуатын таратушы мекеме болып табылады. Оның жұмысын табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау органдары қадағалайды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында қамтылған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС инвестициялық жобаны (ҚР ҰЭМ Табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетінің ОҚО Департаментімен, Энергетика басқармасымен келісе отырып бекітілген) жүзеге асыруда. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС электр энергиясына коммерциялық есеп жүргізудің автоматты жүйесін (АСКУЭ) өз қаражаты есебенінен енгізіп отыр. Бұл – ең қажетті механизм. Әсіресе, сапалы да, екі жақты тиімді есеп жүргізудің теңдессіз тәсілі. Энергияны жоғалтудағы тұстарды айқындап беретін де осы жүйе.

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС электр энергиясының көтерме нарығында 110 және 35 кВ-тық 8 шағын станцияда электр энергиясына коммерциялық есеп жүргізудің автоматты жүйесін енгізді. Бұл жүйе 2011 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген болатын.
Электр энергиясын таратудың жеке нарығында 2011 жылы Шымкент қаласында PLC технолиялы Internet-ті пайдалана отырып, 0,4 кВ КТП/ТП-да АСКУЭ жүйесі енгізілді.
Қазір аталған бағдарлама аясында Шымкент қаласында 14 КТП/ТП-да 1 796 электр энергиясын есептегіш құрал орнатылған.

2013-2017 жылдар аралығында Түркістан қаласында PLC технолиялы Internet-ті пайдалана отырып, 147 КТП/ТП-да АСКУЭ жүйесі қойылды.
Бұл киелі шаһарда, қазіргі облыс орталығында 17 854 есептегіш құрал орнатылды.

2011-2018 ж. аралығында бұндай есепті механизм 23 600 абонентке жеке-жеке қойылған.
2018 жылы Шымкент қаласында жаңа жүйені енгізу жұмыстары жалғасып, 20 КТП/ТП-да 4 114 есептегіш құрал орнатылды.

"Оңтүстiк Жарық Транзит" ЖШС
© 2018, барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасы,
Шымкент қ., 160000, Энергетиктер к., 1.