Оңтүстiк Жарық
Транзит
сенім телефоны
8 (7252) 505-711

БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚТАР - 04.05.2020-ТАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тұтынушылардың электр қондырғыларын "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС электр желілеріне қосу кезіндегі әрекет ету тәртібі

 1.      Техникалық шарттарға өтініш беру:

- "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС кеңсесі (Шымкент қ., Б. Саттарханов к-сі , 10/1) арқылы, «Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (Тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесіне» 1- Қосымшаға сәйкес жүзеге асырады;

-Мемлекеттік органдар үшін, техникалық шарттарды беруге өтінішті «tehusl@ojt.kz» электрондық пошта арқылы беруге жол беріледі.

- "электрондық үкімет" Мемлекеттік корпорациясы веб-портал арқылы жүзеге асырады

-Құрылыс объектілерін беруге, өтінішті сәулет және қала құрылысы органы сәулет-жоспарлау тапсырмасын дайындау кезінде қалыптастырады, және электрондық нысанда жібереді

 Жаңадан іске қосылатын немесе қайта жаңартылатын электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар беру 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

 Сәулет және қала құрылысы органдарының өтініші бойынша, техникалық шарттар беруді табиғи монополия субъектісі:

1) техникалық күрделі емес объектілер үшін – екі жұмыс күні ішінде;

2) техникалық күрделі объектілер үшін – бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

 

ТЕХНИКАЛЫҚ ШАРТТАРДЫ БЕРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА РЕСІМДЕУ ҮШІН ТӨЛЕМ АЛЫНБАЙДЫ.

 2.      Жобаны және құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау (тұтынушы өзі, лицензиясы бар ұйымды таңдайды).

"Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС- да электрмен жабдықтау жобасын келісу, сараптамалық қорытынды және техникалық есеп

ТАЛАП ЕТІЛМЕЙДІ .

 3.      құрылыс-монтаж ұйымы (заңды тұлғалар үшін) немесе тұтынушы (жеке тұлғалар үшін) орналасқан жері бойынша аудандық электр желілеріне (АЭЖ), техникалық шарттардың орындалуы және электр қондырғыларына кернеу беруге дайындығы туралы хабарламаны (еркін нысанда) (4-Қосымшаға сәйкес) құжаттарды қоса бере отырып, (3-Қосымшасына сәйкес) нысан бойынша электрмен жабдықтаудың шартын акцептеу туралы өтінішті жібереді.

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС:

     - хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде сыртқы қосылуды және орындалған жұмыстардың берілген техникалық шарттарға сәйкестігін тексереді;

      -хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде (ескертулер болмаған жағдайда) тұтынушылардың электр қондырғыларына кернеу беруді, электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалауды жүргізеді, сондай-ақ электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалау актісін береді;

      -электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалау актісі берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тұтынушы таңдаған энергиямен жабдықтаушы ұйымға құжаттарды жібереді.

      

Объектінің иесі ауысқан кезде

 

Объектінің иесі ауысқан кезде жаңа меншік иесі меншік құқығы тіркелген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде орналасқан жері бойынша аудандық электр желісіне (АЭЖ) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, 3 және 4-Қосымшаларда  көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, электрмен жабдықтау шартын акцептеу туралы өтініш жібереді.

     «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-гі:

-2 (екі) жұмыс күні ішінде жаңа меншік иесіне тараптардың теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін шектеу актісін береді және жаңа меншік иесі таңдаған энергиямен жабдықтаушы ұйымға электрмен жабдықтау шартын жасасу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттарды жібереді.

      Бұрынғы меншік иесі тұтынылған электр энергиясы үшін есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша электрмен жабдықтау объектісінің иесі өзгерген күні түпкілікті есеп айырысуды жүргізеді.

      Иесі өзгергенде, меншік иесі ауысқан жағдайда, бұрын берілген техникалық шарттар қайта ресімделмейді.";

 

 

 

 

Табиғи монополиялар саласындағы
реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол
жеткізудің тең жағдайларын ұсыну
қағидаларына
1-қосымша

 

 

Нысан

 

 

Тұтынушы:
_________________________
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
немесе заңды тұлғаның атауы
Тұтынушының мекенжайы, телефоны:
факс және электрондық пошта:
_______________________

 

_______________________

 

(қолы)

 

"_____" ________ 20__ жыл

Электрмен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру туралы өтініш

      Объектінің толық атауы (қолданыстағы, қайта құрылатын), оның мекенжайы, орналасқан жері, қосу орны)

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Техникалық шарттарды беру қажеттілігі (қажеттісін көрсету керек): электрмен уақытша жабдықтауға (құрылыс кезеңі), электрмен тұрақты негізде жабдықтауға

      Мәлімделген қуат:_________________ килоВаат (бұдан әрікВ)

      Кернеу деңгейі (қосылатын қондырғының номиналды кернеуі) ___________

      _______________________________________________________________ кВ

      Электрмен жабдықтау сенімділігінің санаты (қажеттісін көрсету керек): (1, 2, 3)

      Қосалқы тұтынушылардың және олардың электр қондырғылары сипаттамаларының тізбесі:

      __________________________________________________________________

      Қоса ұсынамыз:

өтінішке мыналар:

      1) жеке тұлға үшінобъект иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастауы туралы хабарламаның көшірмесі, заңды тұлға үшінкуәліктің көшірмесі немесе мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама;

      2) ситуациялық жоспар;

      3) өз бетінше немесе сараптама ұйымын жұмылдыру арқылы орындалған, мәлімделген электр қуатының есептеу-негіздемесі;

      4) электрмен жабдықтау объектісіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері қоса беріледі;

      5) есептеу қуаты 5 МВт және одан жоғары электр құрылғылары бар тұтынушылар өтінімге жобалау қызметімен айналысуға лицензиясы бар мамандандырылған жобалау ұйымы әзірлеген тұтынушының сыртқы электрмен жабдықтау схемасын қоса береді. Тұтынушының сыртқы электрмен жабдықтау схемасы электр желілеріне қосу жоспарланған энергия беруші және/немесе энергия өндіруші ұйыммен келісіледі. "Тұтынушының сыртқы электрмен жабдықтау схемасының" мазмұны осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген.

 

 

 

Табиғи монополиялар саласындағы
реттеліп көрсетілетін қызметтерге
(
тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну
қағидаларына
2-
қосымша

 

Тұтынушы:

 

________________________

 

жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
немесе заңды тұлғаның атауы
Тұтынушының мекенжайы,
телефоны: факс және электрондық пошта:

 

_______________________

 

_______________________

 

(қолы)

 

"_____" ________ 20__ жыл

Тұтынушыны сыртқы электрмен жабдықтау схемасы

      1) қолданыстағы электрмен жабдықтаудың жай-күйін шолу және үш, бес-он жылға даму перспективасы;

      2) тұтынушылардың электр жүктемелері және оның жабу көздері;

      3) қуаттылық және электр энергиясының теңгерімдері (қазіргі жай-күйі және үш, бес-он жылға арналған перспектива);

      4) сыртқы электрмен жабдықтау схемасының нұсқалары;

      5) ұсынылатын сыртқы электр жабдықтау схемасының негіздемесі;

      6) қаралатын ауданның іргелес электр желілерімен электр режимдерінің есептері (қалыпты, авариядан кейінгі режимдер);

      7) жабдықты таңдау үшін қысқа тұйықталу токтары деңгейлерінің есептеуі;

      8) релелік қорғаныс пен автоматика, аварияға қарсы автоматиканы орындау қағидаттары;

      9) диспетчерлік және технологиялық басқаруды ұйымдастыру қағидаттары;

      10) электр энергиясын есепке алу;

      11) энергияны үнемдеу бойынша жоспарланатын іс-шаралар;

      12) электр желілік құрылыстың көлемі, құрылыс құнын ұлғайтып есептеу;

      13) қорытындылар;

      14) сызбалар: қағидатты схемалар, карта-схемалар немесе ахуалдық жоспар, электрлік режимдер есептерінің нәтижелері, диспетчерлік және технологиялық басқаруды ұйымдастыру схемалары.

 

 

 

 

3- қосымша

 

Нысан

Электрмен жабдықтау шартының акцепті туралы өтініш

      Кімге: _________________________________________________________

      (тұтынушы желілеріне қосылатын энергия беруші немесе энергия өндіруші

      ұйымның атауы)

      Кімнен: ________________________________________________________

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес электрмен жабдықтауға шарт жасасу үшін қажетті Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10403 болып тіркелген) Электр энергиясын пайдалану қағидаларының 4 немесе 4-1-тармақтарына сәйкес (энергиямен жабдықтаушы ұйымның атауы) құжаттарды беруге келісім беремін.

      Дербес деректерді жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін.

      Сондай-ақ

      __________ қысқа мәтіндік хабар ұялы телефон нөміріне;

      __________ мультимедиалық хабар ұялы телефон нөміріне;

      __________ қолданыстағы мессенджерлерді пайдаланатын ұялы телефон нөміріне;

      __________ электрондық поштаға;

      __________ пошта мекенжайына жіберу арқылы электр энергиясын тоқтату туралы (электрондық пошта, факс, пошта жөнелтілімі, қысқа мәтіндік хабар, мультимедиалық хабар, қолданыстағы мессенджерлерді пайдалану) хабарлама алуға келіскенімді хабарлаймын.

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      Қолы

      Күні

 

4- қосымша

 

Электрмен жабдықтау объектілері кондоминиумдар құрамында жоқ тұтынушылар үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі (заңды тұлғалар үшін), рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірме (жеке кәсіпкерлер үшін) немесе жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);

      2) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманың немесе құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;

      3) ұйымның бірінші басшысын қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, электрмен жабдықтау шартын жасасуға уәкілетті тұлғаға берілген құжаттың (бұйрықтың, сенімхаттың, тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың) көшірмесі (заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін);

      4) банктік деректемелер (банктің атауы, ағымдағы шоттың №) – заңды тұлғалар ғана ұсынады.

          

Электрмен жабдықтау объектілері кондоминиумдардың құрамында болатын тұтынушылар үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) Электр энергиясын пайдалану қағидаларының (өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін 2020 жылғы 6 ақпандағы № 43 бұйрығымен) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кондоминиум құрамындағы тұтынушылар үшін электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісінің көшірмесі, заңды тұлғалар ғана ұсынады;

      2) мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі (заңды тұлғалар үшін), рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірме (жеке кәсіпкерлер үшін); жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);

      3) ұйымның бірінші басшысын қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, электрмен жабдықтау шартын жасасуға уәкілетті тұлғаға берілген құжаттың (бұйрықтың, сенімхаттың, тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың) көшірмесі (заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін);

      4) банктік деректемелер (банктің атауы, ағымдағы шоттың №), заңды тұлғалар ғана ұсынады;

      5) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманың немесе құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі

"Оңтүстiк Жарық Транзит" ЖШС
© 2018, барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасы,
Шымкент қ., 160000, Энергетиктер к., 1.