Оңтүстiк Жарық
Транзит
сенім телефоны
8 (7252) 505-711

БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚТАР - 17.03.2021-ТАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.03.2021 жылғы сағат 21:00 жағдай бойынша «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС күшімен келесі жұмыстар орындалды:
ӘЖ-110кВ Ж-162 зақымдануы жедел қалпына келтірілді және осы ӘЖ-110кВ қуат берілді, осылайша Кентау қаласының тұтынушыларын электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді.
Бұдан бұрын, қолайсыз ауа райы жағдайлары салдарынан Түркістан қаласының маңындағы тұтынушылар, атап айтқанда, «Түркістан» ҚС 110/35/10кВ электр энергиясымен жабдықталатын Ынтымақ, Нұра, Ескі Иқан елді мекендері (абоненттер саны-9726) кернеуден ажыратылды.
Қазіргі уақытта Ынтымақ, Ескі Иқан елді мекендерін электрмен жабдықтау (абоненттер саны - 9555) толық қалпына келтірілді.
Қазіргі уақытта Нұра және Ащысай елді мекендерінің тұтынушылары электр энергиясымен жабдықтаудан ажыратылған (абоненттер саны - 500).
Электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.
Отырар ауданында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС қызметкерлерінің жедел әрекеттерімен ӘЖ-110кВ 180-Ж, 172-Ж зақымдары жойылды және ажыратылған 110/10кВ «Ақтөбе» ҚС және 110/35/10кВ «Көксарай» ҚС-ларына кернеу берілді.
Қазіргі уақытта осы қосалқы станцияларға қосылған ӘЖ-10кВ қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.
Ордабасы ауданында электр энергиясымен ӘЖ-35кВ 53-Ж, Су қоймасы-Ж қамтамасыз етілетін 15 елді мекен тұтынушылары (абоненттердің жалпы саны-3990) электр энергиясынан ажыратылған.
Қазіргі уақытта ӘЖ-35кв 53-Ж зақымдануы жойылды және 2 елді мекен қосылды (абоненттердің жалпы саны - 800).
Бәйдібек ауданында 35 елді мекен электр энергиясымен жабдықтаудан ажыратылған.
Жоғарыда аталған елді мекендерді электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.
Қолайсыз ауа райы жағдайлары салдарынан келтірілген жалпы шығын - 420.000.000 теңгені құрайды.
«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і электрмен жабдықтауды қалпына келтіру бойынша бар күшін салып жатыр және табиғи құбылыстардың салдарын өз күшімен, өз қаражаты есебінен жоюда.
"Оңтүстiк Жарық Транзит" ЖШС
© 2018, барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасы,
Шымкент қ., 160000, Энергетиктер к., 1.