Оңтүстiк Жарық
Транзит
сенім телефоны
8 (7252) 505-711

БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚТАР - 26.12.2022-ТАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жазғы маусым басталысымен Құрылыс және жөндеу жұмыстары, сондай-ақ жеке жер телімдеріндегі және ауыл шаруашылығы алқаптарындағы жұмыстар, соның ішінде ірі көлемді арнайы техниканы пайдалану жұмыстары жандандырылады. Сонымен қатар, әуе электр беру желілерінің күзет аймақтарында рұқсат етілмеген жұмыстарды жүргізуге байланысты технологиялық бұзушылықтардың өсуі де артады.

            Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 330 бұйрығымен бекітілген, электр желілері объектілерінің күзет аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын (бұдан әрі-Қағидалар) сақтамау, адамдардың өміріне қауіп төндіреді, сымдар үзілген кезде өрт қаупін арттырады, сондай-ақ авариялық жағдайларға және электр энергиясын беруді тоқтатуға әкеп соғуы мүмкін. Электр берілісінің әуе желілерінің үздіксіз жұмыс істеуіне өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ жалпы аймақтың қалыпты тіршілік әрекеті байланысты.

            Қағидаларыңың 2 – тармағының 2) тармақшасына сәйкес, электр желілерінің күзет аймағы – электр желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері, су және әуе кеңістігі.

            Сондай-ақ, Қағидаларыңың 4,11,20,36-тармақтарына сәйкес,электр желілерінің күзет аймақтарының жай-күйін бақылау қарауында осы желілер бар ұйымдармен жоспарлы, кезеңдік, сондай-ақ желілерде технологиялық бұзушылықтар пайда болған кездегі жоспардан тыс тексерулер арқылы қамтамасыз етіледі.
Электр желілерінің күзет аймақтары төмендегідей белгіленеді:
1) кернеуі 1 киловольтқа (бұдан әрі – кВ) дейінгі жалаң сымды әуе желілер үшін – 2 метрден (бұдан әрі - м);

2) кернеуі 1 кВ-қа дейінгі өздігінен оқшауланған сымдар үшін – 1 м;
3) 1-ден 20 кВ-ға дейінгі әуе желілері үшін 10 м кем емес;
4) 35 кВ әуе желілері үшін 15 м кем емес;
5) 110 кВ әуе желілері үшін 20 м кем емес;
6) 220 кВ әуе желілері үшін 25 м кем емес;
7) 330-дан 500 кВ-ға дейінгі әуе желілері үшін 30 м кем емес;
8) 1150 кВ әуе желілері үшін 55 м кем емес.
            Қарамағында электр желілері бар ұйымның келiсiмiнсiз электр және жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың орнатылуына байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзуге, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыруға, базарларды, құрылыстарды, ғимараттарды орналастыруға, материалдарды жинап қоюға, қоршаулар мен дуалдарды соғуға, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастауға және төгуге жол берілмейді.

            Жеке және заңды тұлғалар электр желілерінің күзет аймақтарындағы қарауында электр желілері орналасқан ұйымдардың электр желілерінің сақталуын және жазатайым жағдайлардың алдын алуды қамтамасыз етуге бағытталған талаптарын орындайды. Қарауында электр желілері бар ұйымдар электр желілерінің күзет аймағында жеке және заңды тұлғалар жұмыстар жүргізу уақытында адам өміріне қауіп төнген кезде бұл қауіпті жойғанға дейін жұмыстарды тоқтата тұрады.

            Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ (бұдан әрі-Департамент, қарамағында электр немесе жылу желілері не газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері бар ұйымның келiсiмiнсiз электр және жылу желiлерi жолдарының, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың орнатылуына байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзу, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыру, базарларды, құрылыстарды, ғимараттарды орналастыру, материалдарды жинап қою, қоршаулар мен дуалдарды соғу, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастау және төгу, 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.

            Осыған байланысты, Департамент электр желілерінің сақталуын қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануын, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған халық арасында жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында электр желілерінің күзет аймақтарында жұмыс жүргізу кезінде электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға шақырады.

"Оңтүстiк Жарық Транзит" ЖШС
© 2018, барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасы,
Шымкент қ., 160000, Энергетиктер к., 1.