Оңтүстiк Жарық
Транзит
сенім телефоны
8 (7252) 505-711

БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚТАР - 08.02.2024-ТАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР


2024 жылдың 8 ақпанында Айдар Махамбет «Қазақстанның коммуналдық жүйелері» тобына кіретін «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС бас директоры қызметіне тағайындалды. Аталған кәсіпорынның бұрынғы бас директоры Мұрат Ибрагимов «Казақстан коммуналды жүйелер» басқарушы компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры болып тағайындалды. Айта кету керек, Мұрат Жұмашұлы «ҚКС» тобында 20 жыл жұмыс істейді, оның 13 жылы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС бас директоры болды.

Айдар Махамбеттің Қазақстан Республикасы экономикасының энергетика және өнеркәсіп салаларында, сондай-ақ мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарда 23 жылдық тәжірибесі бар.

Махамбет Айдар Кеңесбекұлы 1979 жылы 6 шілдеде Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Екі жоғары білімі бар. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген.

Сондай-ақ 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Сонымен қатар, 2012 жылы Айдар Махамбет Назарбаев Университетінің «Басқарушы білім» бағдарламасы бойынша Жоғары бизнес мектебін бітірді.

Еңбек жолын 2000 жылы «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС сату және салық бөлімінде сарапшы болып бастады.

2002-2004 жылдары – «КБ Транс-Сервис» ЖШС қаржы директоры.

Осы жылдар ішінде «Бастион-Ойл» ЖШС, «ҚазПетройл» ЖШС, «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ-да басшылық қызметтерде тұрақты жұмыс істеді.

2014 жылы Айдар Кеңесбекұлы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.

2015 жылы «Жасыл даму» АҚ (Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымы) басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

2015-2016 жылдары - «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қорының инфрақұрылымдық жобалар жөніндегі директоры.

2016 жылы Айдар Кеңесбекұлы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті жанындағы «Электр энергиясын және энергия үнемдеуді дамыту институты» АҚ («Қазақэнергосараптама») басқарма төрағасы болып тағайындалды.

2017 жылдан бастап Айдар Махамбет Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2020 жылдың маусым айында Айдар Кеңесбекұлы БҰҰ Өнеркәсіптік даму ұйымының ЮНИДО ұлттық кеңесшісі болып тағайындалды.

2012-2018 жылдар аралығында Айдар Махамбет жұмысымен қатар Қазақстанда, Австрияда, Францияда, АҚШ-та, Түркияда және Германияда түрлі кәсіби тағылымдамадан өтіп, біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

2021 жылдың мамырынан 2023 жылдың тамызына дейін Айдар Махамбет «Қазақстанның коммуналдық жүйелері» тобына кіретін «Маңғыстау өңірлік электр желілері компаниясы» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Айдар Кеңесбекұлы «МРЭК» АҚ-ты басқарған кезеңде кәсіпорынның электр желілері кешенін дамыту бойынша нәтижелі жұмыстар жүргізіліп, кәсіпорынның барлық жоспарланған өндірістік-экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізілді.

Айдар Кеңесбекұлы Қазақстан Республикасының энергетика саласын дамытуға арналған мамандандырылған форумдарға, дөңгелек үстелдерге және басқа да іс-шараларға үнемі қатысады және сарапшы болып табылады.

Үйленген, екі баласы бар.

"Оңтүстiк Жарық Транзит" ЖШС
© 2018, барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасы,
Шымкент қ., 160000, Энергетиктер к., 1.