Оңтүстiк Жарық
Транзит
сенім телефоны
8 (7252) 505-711

БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚТАР - 12.08.2019-ТАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Құрметті электр энергиясын тұтынушылар!

«Байланыс туралы» Заңының  «Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы №67 бұйрығына сай және «ҚР телекоммуникациялық желілерде нөмірлеуді жоспарлау және жүйесін құру қағидалары» туралы ҚР Байланыс және ақпараттандыру Агенттігі Төрағасының  2008 жылдың 9 қыркүйегіндегі бұйрығына сәйкес, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС бірқатар аудандық электр желілері мен қалалық электр желілері басқармаларында авариялық энергетикалық қызметті шақыртуға арналған қысқартылған телефон нөмірлерінің 14.08.2019ж. мерзімінен бастап өзгертілетінін хабарлайды.

Атап айтқанда:

Шымкент қ. Әл-Фараби ауданы бойынша (ҚЭЖБ) 1095 қысқартылған авариялық қызмет нөмірі 1307 нөміріне, ал Еңбекші ауданы бойынша (ҚЭЖБ)1092 қысқартылған авариялық қызмет нөмірі 1308 байланыс нөміріне ауыстырылды.  Сонымен қатар, Түркістан облысы бойынша Кентау ауданы, Түркістан қаласы, Отырар, Созақ, Бәйдібек, Арыс, Сайрам, Төлеби, Сарыағаш, Жетісай (Асықата елді мекені) аудандарына тиесілі авариялық қызметті шақыртуға арналған 109 нөмірі 1309 байланыс нөміріне ауыстырылды. Енді аталған аумақтағы тұрғындар авариялық қызметті шақырту үшін осы жаңа нөмірлерге телефон соғуына болады.

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС АЖБ және байланыс қызметі. 
"Оңтүстiк Жарық Транзит" ЖШС
© 2018, барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасы,
Шымкент қ., 160000, Энергетиктер к., 1.