БАСШЫЛЫҚ
Бас
директор - Ибрагимов Мұрат Жұмашұлы, 1970
жылы 10 мамырда Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысында дүниеге
келген.
Отбасы жағдайы: үйленген, 3 баласы бар.
Білімі жоғары:
2006 жылы ОҚМУ «Инженер-химик-технолог»
мамандығын меңгерген;
2016 жылы ОҚМУ «Электроэнергетика» мамандығы
бойынша білім алған.
Еңбек жолын 1989 жылы маркетинг маманы болып
бастаған.
1999 жылдан бері
энергетика саласында түрлі қызметтерді атқарып келеді.
2004-2005 жылдары "Оңтүстік Жарық" ЖШС Еңбекші
АЭС өткізу бөлімі басшысының орынбасары;
2005-2006 жылдары
"Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС атқарушы директоры;
2006-2008 жылдары
"Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС Бас директорының орынбасары;
2008-2010 жылдары «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС
коммерциялық директоры
2010-2020 жылдары "Оңтүстік Жарық
Транзит" ЖШС Бас директоры;
2020-2021 жылдары
"Маңғыстау аймақтық электржүйелері компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы
05.05.2021 жылдан бастап, «Оңтүстік Жарық
Транзит» ЖШС Бас директоры.
Бірнеше
мемлекеттік және салалық марапаттауларға ие.
2011 жылы "Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздігіне-20 жыл" төс белгісі;
2012 жылы "ТМД Еңбегі сіңген энергетик"
Құрметті атағы;
2016 жылы «KAZENERGY»
Құрмет грамотасы және «Нұр Отан» партиясының Алғыс хаттары.
2019 жылы ҚР Энергетика Министрлігінің "Отандық
энергетикаға қосқан сүбелі еңбегі" төс белгісімен марапатталған.
Техникалық директор – Тастанов Архабай Нұрматұлы, 05.01.1967 жылы
туғанбілімі жоғары энергетикалық, Алматы энергетикалық институтын бітірген,
мамандығы – «Электрэнергетикалық жүйелер мен желілер», біліктілігі – «Инженер -
электрик».
Энергетика саласындағы еңбек өтілі: 1991 жылдан бастап.
Отбасы жағдайы: үйленген, 3 баласы бар.
09.2005ж. – «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Шымкент қалалық ЭЖ бас инженері;
02.04.2012 ж. бері – «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Техникалық директоры.
Атқарушы директор – Ыдырысов Жандарбек Аппазұлы, 26.11.1962 жылы туған.
Білімі жоғары педагогикалық, Әл-Фараби атындағы ҚҰМУ бітірген. Мамандығы – «Қазақ
тілі және әдебиеті, араб тілі», Біліктілігі – «Филолог, қазақ тілі және әдебиеті,
араб тілінің мұғалімі».
Энергетика саласындағы еңбек өтілі: 2003 жылдан бастап.
Отбасы жағдайы: үйленген, 5 баласы бар.
08.2005ж. - «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Материалдық-техникалық қамту қызметінің
басшысы.
28.02.2008ж. бері – «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Атқарушы директоры.
Қаржы директоры – Гундарева Надежда Геннадьевна, 28.08.1974 жылы туған.
Білімі жоғары экономикалық. Шымкенттегі Қазақ техникалық университетін бітірген.
Мамандығы – «Құрылыс материалдарының экономикасы», біліктілігі – «Экономист».
Энергетика саласындағы еңбек өтілі: 2011 жылдан бастап.
Жанұя жағдайы: отбасылы, 2 баласы бар.
09.08.2016ж. бері - «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Қаржы директоры.