Отырар телеарнасының бейне сюжеті
"Оңтүстік Жарық Транзит" серіктестігі Сарығаш ауданында жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, электр жүйелерін жаңалап жатыр. Компания бұл жұмыстарды өзінің инвестициялық бағдарламасы аясында өз қаражатына жүргізуде. Сонымен қатар, қайта жаңғырту жұмыстары барысында Сарысудан сонау Әлімтау ауыл округін жалғайтын қосалқы станцияны электр энергиясымен қамтамасыз ететін жоғарғы кернеулі 35 киловольттік желі жаңартылуда.